Балалар үйінің үздік тәрбиеленушісі грант және Абай атындағы шәкіртақы алды
«Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі Сергей Алпысбаевқа университетте оқудың барлық кезеңіне С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың гранты берілді, сондай-ақ 50 мың теңге сомасындағы Абай атындағы ай сайынғы стипендия тағайындалды.
Грант сертификатын С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор, қалалық мәслихат депутаты Мұхтар Төлеген табыстады.
Гранттарды бөлу туралы шешімді университеттің Ғылыми кеңесі қабылдаған.
Сонымен қатар, балалар үйін аралау барысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры педагогикалық қызметінің 45 жылдығына орай «Үміт» балалар үйінің директоры Мария Бейсеқанованы Абай атындағы медальмен марапаттады.