KZ
Өскемен
-16°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
510.18 601.91 6.51

ШҚО-дағы оқушылар мен студенттер енді білім ордаларына бара алады

3.01.2021, 22:33 442

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін ұзартылды. Десе де, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап 300 оқушысы бар қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта білім беруге рұқсат етіледі. Алайда барлығына бірдей емес.

«Әр сыныпта 15 оқушыдан аспау керек», - делінген құжатта

Жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптар оқиды. Ал 9, 11 (12) сыныптар аптаның 6 күнінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқиды. Бұдан бөлек, қаулыда екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері штаттық режимде оқитындығы жазылған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу