ШҚО: Ауылдық жерлерде 36 медициналық мекеме салынбақ
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биыл ауылдық елді мекендерде 36 медициналық мекеме - отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынады.
Барлық жобалық-сметалық құжаттамалар дайын, сараптамадан өтіп, 14 нысанға тендер жарияланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Менің тұрақты бақылауымда облыстық хирургия және онкология орталығының қосымша ғимаратын салу мәселесі тұр. Бұл жерде қатерлі ісік пен басқа да ауруларды ерте кезеңде диагностикалауға мүмкіндік беретін ПЭТ-КТ орналасады. Негізгі шарт - науқастарға қолайлы жағдайлар жасау, - дейді ШҚО әкімі.
Оқи отырыңыз