ӘМСҚ ШҚО бойынша 59 медициналық мекемемен келісімшарт жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында сақтандырылған азаматтар жеткіліксіз қаржыландырдың салдарынан медициналық қызметтердің тиісті көлемін алмайтынын атап өтті.
Ағымдағы жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы ШҚО бойынша 59 медициналық мекемемен жалпы сомасы 81,4 млрд. теңгеге шарттар жасасты. Оның ішінде тегін медкөмек пакетіне – 46,4 млн. теңге, МӘМС жүйесінде - 34,9 млн. теңге тиесілі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ ол пациенттердің барлығы стоматологиялық клиникаларға жолдамасыз тікелей жүгіне алатынын, алдымен Қормен жұмыс істейтін тіс клиникаларын нақтылап алу қажет екенін айтты. Олардың тізімімен МСҚ fms.kz ресми сайты арқылы танысуға болады.