KZ
Өскемен
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Балаларға екпе салдыру жағынан ШҚО көш бастап тұр

17.01.2022, 15:26 74

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған мектеп оқушыларының санын жариялады.

Білім беру нысандарын бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанованың айтуынша, осы уақытқа дейін 12-17 жастағы 353,5 оқушыға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті салынды. Бұл – вакциналауға жататын балалардың 27,7 проценті.

"Ал 182,2 мың оқушы, яғни, 14 проценті вакцинаның екі дозасын салдырды. Балаларға екпе салдыру жағынан Түркістан облысы (I компонентпен - 90 процент) және Шығыс Қазақстан облысы (I компонентпен - 82 процент) көш бастап тұр", - деді Рақымжанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, оқушылар арасында омикрон штамын жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

Айта кетері, 2021 жылы қараша айында балаларға екпе салу шаралары басталды. Ол үшін шетелден коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы сатып алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу