Стоматологиялық қызметті МӘМС есебінен кімдер ала алады?
2023 жылдың 1-қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық қызмет көрсету үшін стоматологиялық клиникалармен тікелей келісімшарттар жасай бастады. Бұрын шарттар емханалар арқылы жасалып келген.
Бұған дейін стоматологиялық клиникалар өзара шартқа отыру арқылы қосалқы мердігер ретінде медициналық қызмет көрсетсе, 1 қаңтардан бастап Қор көрсетілген қызметтер көлемін бақылап, сапасына мониторинг жасау үшін тікелей осы клиникалармен шартқа отырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, бұл мекеме - 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмектің барлық спектрін МӘМС аясында тегін көрсететін жалғыз мемлекеттік емхана.
Жоспарлы стоматологиялық көмек балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі. Ал шұғыл көмекті он жеңілдік санатына кіретін азаматтар ала алады. Тегін стоматологиялық көмек алу үшін клиниканың ӘМСҚ-мен келісімшартқа отырған-отырмағанын анықтап алу керек. Пациенттің сақтандыру мәртебесі болса, қажет қызметтерді алуға құқылы. Тұрғылықты жері және қай емханаға тіркелгені маңызды емес.
Тегін стоматологиялық қызмет көрсетушілер арасында тек мемлекеттік емес, сонымен қатар жеке клиникалар да бар.
МӘМС шеңберінде жеке клиникаға қабылдауға бару үшін емхананың тіркеу бөліміне қоңырау шалып, тіркелу қажет. Егер баланың тісі ауырса, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің бірге еріп келуі міндетті, өйткені кез-келген манипуляцияны жүргізу үшін жазбаша келісім қажет.
Тіс дәрігері көптеген адамдар егер көмек тегін болса, бұл сапасыз деп санайтынын, бірақ олай емес екенін айтты. МӘМС шеңберіндегі клиенттердің ағыны қазірдің өзінде аз емес, бірақ әзірге клиникалардың шамалары жетіп тұр.
Егер пациенттер қызметтерді толық алмадым деп есептесе немесе шағымдары болса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына fms.kz. ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе Telegram-дағы SaqtandyryBot арналарының біреуі арқылы хабарласуларына болады.