ШҚО-да дәрігерлер жаңа технологиямен жас жігіттің аяғына ота жасады
Шығысқазақстандық дәрігерлер жаңа технологияны қолдана отырып 18 жастағы жігіттің аяғына ота жасады.
Бірнеше жерден жарақат алған жас жігіттің өмірін арашалап қалу үшін травматолог-хирургтар облыста алғаш рет Қазақстан үшін сирек кездесетін Masquelet әдістемесін қолданған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Былтыр тамыз айында Шемонаиха ауданының тұрғыны Ярослав Пятков мотоциклмен жол апатына түсіп, жамбасын бірнеше жерден сындырып алған. Ақ халаттылар алдымен жамбастың ашық сынығына облыстық балалар ауруханасында операция жасайды. Алайда, біраз уақыттан кейін жара асқынып, іріңдеп кеткен соң науқас облыстық ауруханаға жеткізілген.
Ота қайта жасалғанымен науқастың жағдайы жақсармайды,ашық сынықтардың күрделі және қауіпті асқынуы өрши береді.
Меңгерушінің айтуынша, бұл әдістеме екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең сәтті өтті. Бірнеше күннен кейін жараның қабынуы басылып, біте бастады. Пациент дәрігерлерге шексіз алғысын білдіріп, бұл медициналық көмекті МӘМС аясында тегін алғанын атап өтті.