ШҚО: Онкология саласында «Жасыл дәліз» қалай жүзеге асады?
2022 жылдан бастап қатерлі ісікке күдікті пациенттерді тексеру мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін «жасыл дәліз» енгізілген болатын.
Қазір өңірде «Жасыл дәліз» қалай жүзеге асып жатқаны туралы Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының Кеңес беру және диагностикалық бөлімі жетекшісі Нарғыз Дәулетбекова айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл жаңашылдықтың басты тиімділігі — жергілікті емханаларға анамнез және сараптама алу үшін бар болғаны үш күн ғана мерзім беріледі, оған талдаулар мен рентгендік зерттеулерді жинау шаралары да кіреді. Содан кейін науқас аудандық онкологке жіберіледі, ол он күн бойы қосымша зерттеулер жүргізеді, қажет болған жағдайда, науқас КТ және МРТ-дан өтеді.
Айта кеткен жөн онкологиялық науқастардың ем-домы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі толығымен ӘМСҚ активтері арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде аясында қамтылып келеді.