ШҚО-да 53 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын алды
ШҚО-да 53 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын алды, деп хабарлайды ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Оның ішінде 48 000 астам бала COVID-19-ға қарсы вакцинациядан сәтті өтті
Естеріңізге сала кетейік, өңірге қараша айының бас кезінде Comirnaty/Pfizer вакцинасының 35 100 дозасы келіп түсті.
- Бүгінде облыста аталған вакцинамен егілуге жататын адамдар категориясын иммундау жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда қарашаның 16-да басталған жұмыстар нәтижесінде қазір облыс бойынша 48 032 - 12-мен 18-ге дейінгі балалар, 1 100-ге жуық жүкті және 3700-ден астам бала емізетін әйелдер егілді, - деп хабарлайды мекеме.
Атап өтейік, 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларды вакциналау тек қана ата-анасының ресми рұқсаты арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, осы категориядағы азаматтар екінші компонентін де алуда. Дәлірек айтқанда, 6 400-ге жуық екінші компонетпен егілді.