KZ
Өскемен
+11°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Қытайда 3 жастан, АҚШ-та 5 жастан...Pfizer вакцинасы туралы не білеміз?

30.11.2021, 15:18 92

Қазақстанда Pfizer вакцинасы жеткізіліп, 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге салынып жатыр.

Әлемді жаулаған инфекцияға қарсы вакцина пайда болғаннан бері бірнеше миллион адам әр түрлі КВИ-ге қарсы вакцинамен егілді.

Түрлі вакцина бар, дегенмен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды, жүкті әйелдер мен бала емізетін балаларды Pfizer вакцинасымен егуді ұсынып отыр.

Әлемнің 20-дан астам елінде 12 жастан, Қытайда 3 жастан, АҚШ-та 5 жастан бастап екпе салынып жатыр.

АҚШ-тың өзінде қазірдің өзінде Pfizer вакцинасы шамамен 8 млн балаға салынған. Бұл елде вакцина балаға 8 жастан бастап салынып жатқанын айттық.

Ал Қытайда өткен қазан айындағы жағдай бойынша, 3-17 жас аралығындағы 60 млн бала мен жасөспірім екпенің инактивті түрін алған.

Ал оған дейін тамыздағы жағдай бойынша Канада 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 58% вакцина салынғанын хабарлаған еді.

Осындай озық елдердің тәжірибесін, әлемдегі эпидахуалдың құбылмалығын ескере отырып, Қазақстанға да 12-18 жас аралығындағы балаларды иммундау үшін тиімділігі іс жүзінде дәлелденген Pfizer вакцинасын жеткізіле бастады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда қазірдің өзінде 80 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алған. Оның 62 мыңнан астамы - жасөспірімдер. 10 мыңнан астамы - бала емізетін аналар. Тағы 5 мыңы –жүкті әйелдер.

Айта кетейік, барлығы 8 млн 700 мыңнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы препараттың алғашқы дозасымен егілді.

8 миллионнан астам азамат толықтай екпе алған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив