KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Риддерде гемодиализ бөлімі ашылады

Фото: kirov-portal.ru

13.05.2024, 12:50 179 Ләззат Қанатқызы

Биыл жазда кеншілер шаһарында гемодиализ бөлімі ашылады.

Қазір қалада гемодиализ терапиясына мұқтаж тоғыз науқас бар. Олар тиісті ем-дом қабылдау үшін үш күн сайын облыс орталығына қатынайды. Яғни науқастар жүзден астам шақырым жол жүруге мәжбүр, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Сол себепті Риддер қаласында гемодиализ бөлімін ашу туралы шешім қабылданған. Бүгінгі таңда ғимарат дайындалып жатыр. Қажетті жабдықтар алынған.

Кейінгі жылдары Риддерде туберкулезге және онкологиялық ауруларға шалдыққандар да көбейіп отырғанын айта кету керек.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев бұл жұқпалы ауруларға кімдер жиі шалдығатынын және оның себептерін анықтау қажеттігін еске салды. Ол  үшін тұрғындардың уақтылы скринингтен өтуі өте маңызды. Скринингтік тексеру диагнозды ерте анықтауға және уақтылы ем қабылдауға мүмкіндік береді.

Өңір басшысы халықты ақпараттандыру жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерін тартуды тапсырды.

Сонымен қатар белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарындағы аға буын өкілдеріне тұрақты медициналық тексерудің артықшылықтарын түсіндіру қажеттігі айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив