KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

ШҚО-да қазіргі уақытта 15 ПТР-зертхана жұмыс істейді

25.11.2020, 09:51 153

ПТР-талдауын тапсыру мәселесі бүгінде ШҚО тұрғындарын алаңдатқан негізгі сұрақтардың бірі болып табылады.

Осыған орай, ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған жеке және бюджеттік зертханалар туралы мәлімдеме жасады.

Шығыс Қазақстан облысында 7 жеке зертхана зерттеулер жүргізеді, олар «InVitro+» КДЕ, «ОЛИМП КДЗ» ЖШС, «IN VIVO» ЖШС, «Alatau Clinic» ЖШС, «Aqualab» зертханасы, «Облыстық репродуктивті медицина орталығы» ЖШС және Ақтоғай кентіндегі модульдік зертхана.

Бұл ретте, «IN VIVO» ЖШС, «Alatau Clinic» ЖШС және «Aqualab» зертханасында биологиялық материал алу пункттері ғана жұмыс істейтінін, ал зерттеулердің өзі Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында жүргізілетінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, облыс аумағында облыстық және аудандық ауруханалар базасында зерттеулер жүргізетін 8 мемлекеттік зертхана жұмыс істейді. Олар Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы, ана мен бала орталығы, Өскемендегі Ұлттық сараптама орталығы және оның Семей қалалық бөлімшесі, Өскемен қаласының 4 қалалық ауруханасы, сондай-ақ Семей қаласының ЖМЖА.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив