ШҚО-да 16 ПТР-зертхана жұмыс істеп тұр
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазір өңірде ПТР тестілеуді 16 зертхана жүргізеді. Осы уақытқа дейін 345 мыңнан астам адам тексерілді. Сондай-ақ қосымша 2 жаңа ПТР-зертхана ашылып жатыр.
– Облыста 11 мың адамды тексере алатын 20 ПТР-зертхана жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта барлығы 16 зертхана жұмыс істеп тұр. 8 – жекеменшік, 8 – мемлекеттік зертхана. Бұл өңір халқы үшін жеткілікті деуге болады. Шығыс Қазақстан облысы осы көрсеткіш бойынша республикадағы жетекші өңірлерді бірі, – деді Асқар Хорошаш.