ШҚО: ПТР зертханаларындағы дүрбелең. Департамент түсініктеме берді
Өскемен және Семей қаласында ПТР талдауын тапсырушылар саны күрт көбейді. Тұрғындар зертхана алдында кезек күтіп, топтасып тұрғын бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялап жатыр. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғындар облыстың бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің жаңа қаулысындағы мына жолдарды негізге алып отыр: 2 қарашадан бастап ШҚО-дан пойызбен немесе ұшақпен шығатын барлық жолаушылар үшін ПТР-талдау туралы анықтама қажет. Сол себепті тест тапсырушылар саны артып, ажиотажға айналған. Бұл жерде әлеуметтік арақашықтық туралы әңгіме қозғалмайтыны түсінікті.
Бүгін тұрғындар талдау нәтижелерін уақтылы ала алмағандарын айтып, әлеуметтік желілерде бейнежазба жариялады. Түскі сағат он екіге дейін мұндай келеңсіздіктің болғаны рас. Алайда департамент қызметкерлері дереу іске кірісіп, мәселені бір жақты етті. Содан кейін ұзын-сонар кезек қысқарды. Ертеңнен бастап «Облыстық репродуктивті медицина орталығы» мен «InVitro+» зертханалары COVID-19-ға материал алу үшін қосымша пункттер ашады – деп мәлімдеді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында зертханалық талдаулармен 10 зертхана жұмыс істейді, тәулігіне жалпы қуаты 7000-нан астам зерттеу жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде:
- КДП InVitro+ (тәулігіне 1000 зерттеу);
- "Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы" (тәулігіне 200 зерттеу);
- ОЛИМП ЖШС (тәулігіне 1000 зерттеу);
- IN VIVO (тәулігіне 200 зерттеу, Нұр-Сұлтан қаласында);
- "AlatauClinic" ЖШС, INVIVO-мен бірге жұмыс істейді (тәулігіне 60 зерттеу);
- Ана мен бала орталығы (тәулігіне 200 зерттеу);
- Ұлттық сараптама орталығы Өскемен қаласы (тәулігіне 450 зерттеу);
- Ұлттық сараптама орталығы вирусологиялық зертхана Семей қаласы (тәулігіне 150 зерттеу);
- «Репродуктивті медицинаның облыстық орталығы» ЖШС (тәулігіне 3500 зерттеу);
- Ақтоғайдағы модульдік зертхана (тәулігіне 500 зерттеу).
Мемлекеттік зертханаларға: "ШҚ ОА", "Ана мен бала орталығы", Өскемен және Семей қалаларындағы ҰСО филиалдары жатады.
Облыс бойынша өсу қорытындысымен 298 547 зерттеу жүргізілді. 100 мың тұрғынға шаққанда халықты қамту көрсеткіші 21806,1-ді құрайды, тестілеудің тиімділігі (яғни айқындылықтың %-ы) 29%-ды, зертханалардың қолжетімділігі-100 мың тұрғынға шаққанда 0,7-ді құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс аясында 237 160 зерттеу, ақылы негізде 61 387 зерттеу жүргізілді.
Қазіргі уақытта тәулігіне орта есеппен 2000-2200 зерттеу жүргізіледі.
Өскемен қаласы бойынша 5 зертхана бар:
«Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы»,
ОЛИМП ЖШС,
Ана мен бала орталығы,
Өскемен қаласындағы Ұлттық сараптама ортылығы,
«Репродуктивті медицинаның облыстық орталығы» ЖШС
Семей қаласы бойынша 4 зертхана бар:
КДП InVitro+;
ОЛИМП ЖШС,
Семей қаласындағы Ұлттық сараптама ортылығының вирусологиялық зертханасы
IN VIVO ЖШС