ШҚО ПТР-зертханалар саны бойынша жетекші облыстардың қатарында
Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Шығыс Қазақстанда барлығы ПТР тестілеуді 16 зертхана жүргізеді. Пандемияның барлық кезеңінде ПТР әдісімен 345 мыңнан астам адам тексерілді. Сондай-ақ халықтың КВИ диагностикасына қолжетімділігін арттыру үшін қосымша 2 жаңа ПТР-зертхана ашылуда.
- Облыста қуаттылығы 11 мыңға дейін зерттеу жүргізе алатын барлығы 20 ПТР-зертхана жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта барлығы 16 зертхана жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 8 жекеменшік қалған 8 мемлекеттік болып табылады. Бұл халықтың барлық санаттарын қамту үшін жеткілікті. Шығыс Қазақстан осы көрсеткіш бойынша республикадағы жетекші облыстардың бірі болып табылатынын атап өткен жөн, – деп түйіндеді Асқар Хорошаш
Оқи отырыңыз