Күршімдегі Ақбұлақ ауылына көшіп барғандар үймен, жұмыспен қамтылады
Фото авторы: Назерке Кәрімова
Күршім ауданы (бұрынғы Марқакөл ауданы) Ақбұлақ ауылындағы мектепті сақтап қалу үшін сол ауылға көшіп барғысы келетін көпбалалы жанұялар керек.
Ауылдан 17 шақырым жерде фабрика, кеніш бар. Әкімшілік, мектеп ұжымы, ауыл белсенділері көмектесуге дайын. Барғандар үймен, жұмыспен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Көші-қон мәселесі бойынша:
- "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында өңірлерден мамандар іздестіреміз. Ол үшін мемлекет тарапынан көмектер болады. 100 АЕК бір реттік көтермеақы (345 000 тенге);
- 1500 АЕК (5 175 000 теңге) тұрғын үй алуға, үй салуға 0.01% несие қарастырылған.
Еңбекақысына 25% үстемеақы қосылады.
Аталған бағдарламадағы көмектерді алу үшін үш жыл осы ауылда тұрақты тұруы керек.
- Өңіраралық қоныс аудару бойынша мемлекеттен төленетін төлемдер:
Бір реттік көтермеақы адам басына 70 АЕК (241 500 теңге);
Тұрғын үй жалдауға 15 АЕК (51750 теңге ай сайын бір жыл көлемінде, 1 адамға 1 жанұяға);
Жанұяда 2-4 адам болғанда 18 АЕК (62 100 теңге ай сайын 1 жыл көлемінде).
Жанұяда 5 адам, немесе одан көп болғанда, 20 АЕК (69 000 теңге ай сайын 1 жылға). Биылдан бастап 4000 000-ға дейінгі сертификат, Отбасы банкіне аударылады. Тұрғын үй мәселесінде алғашқы жарна ретінде осы көмектерді алу үшін көшіп келген жерінде 5 жыл тұруы керек.
Ақбұлақ ауылы мал шаруашылығымен айналысамын деген адамдарға өте қолайлы, ауасы таза, шөбі шүйгін, табиғаты керемет!
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады: 87476236456 (Сәуле), 8(705)4173488 (Бауыржан).