Аягөзге 34 бейне-бақылау камералары қойылады
Биыл аудандық полиция бөлімінде күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар, құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Аягөз-Үржар аудандарына арналған әкімшілік қамауға алынған тұлғалардың арнайы қабылдау орны күрделі жөндеуден өткен еді. Жөндеу жұмыстары стандартқа сәйкестендіріліп артқарылды. Сонымен қатар, «Жедел басқару орталығының» жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы Аягөз ауданынының әкімі Сейілбек Ысқақов өзінің әлеуметтік желідегі жарақшасына жазды.
Аудан басшысының айтуынша, алдағы уақытта, аудан бойынша 34 бейне-бақылау камералары қойылып, қылмыстың алдын алу мақсатында қыруар шаруалар атқарылмақ.
«Сондай-ақ, аудан тұрғындарын қауіпті індеттен сақтандыруда белсенді қызмет атқарып, денсаулығына төніп тұрған қауіп-қатерге қарамастан, қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиялогиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етіп жүрген құқық қорғау органдары өкілдеріне арнайы алғысымды білдірдім», деп жазады Сейілбек Ысқақов.