KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,7 м/с, Ю
441.44 473.09 4.75

ШҚО-да жазушылар мен журналистер арасында байқау жарияланды

14.02.2023, 15:07 947 Ләззат Қанатқызы

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай жазушылар және журналистер арасында республикалық байқау жарияланды.

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы аясында Өскемендегі О.Бөкей атындағы қалалық кітапхана жазушылар және журналистер арасында «Неткен ғажап дүние!» атты көркем очерк байқауын жариялап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оралхан Бөкей атындағы республикалық ІІ-әдеби публицистикалық байқауына еліміздің барлық аймағынан 25-45 жас аралығындағы жазушылар және БАҚ өкілдері қатыса алады. Қатысушы авторлық очеркіне сай тақырып қояды.

- Очерк мемлекеттік тілде жазылуы тиіс. Ұсынылған шығарма 15 беттен аспай бұрын ешқайда жарияланбаған, кейіпкері – шынайы өмірде бар ауылдағы еңбеккер замандасымыз болуы қажет. Көркем тілде және сауатты жазылуына, тәрбиелік маңызына мән беріледі. ҚР Заңына қайшы келетін, яғни ұлтараздықты, дінаралық алауыздықты тудыратын, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, адамның ар-ожданына тиетін теріс пиғылдағы шығармалар байқауға қабылданбайды. Автор ұсынатын шығармасында аты-жөнін, жұмыс орнын, тұрғылықты мекенжайын, телефонын, электронды мекенжайын нақты көрсетуі тиіс. Әр автордан тек бір ғана жұмыс қабылданады, - дейді кітапхана қызметкерлері.

Шығармашылық жұмыстарды қабылдау осы уақыттан бастап 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады. Өз туындыларыңызды ukcbs@mail.ru электрондық поштасына жіберуіңізге немесе баспа түрінде кітапханаға әкеліп тапсыруыңызға болады. Жазушылар және журналистика саласының кәсіби мамандарынан құрылған қазылар алқасы жұмыстарды  жан-жақты бағалайды. Соның қорытындысы бойынша жеті жеңімпаз марапатталады. Марапаттау салтанаты 28 қыркүйекте – Оралхан Бөкейдің туған күнінде жазушының туған өлкесі Катонқарағай ауданында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив