Өскеменде облыстық поэзия байқауы өтеді
Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханасы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын Серік Ғабдуллаұлының 85 жылдық мерейтойына орай, «Сөйле, менің жүрегім...» атты облыстық поэзия байқауын жариялады.
18-35 жас аралығындағы талапкерлер 10 желтоқсанға ukcbs@mail.ru электрондық поштасына шығармаларын жібере алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мүшәйраға қатысушылар екі өлеңін жіберу керек. Біріншісі – Серік Ғабдуллаұлына арнау – бұл өлеңге ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, қоғамдағы қайраткерлік қызметі және азаматтық болмысы өзек болуы шарт. Екіншісі – Тәуелсіздік тақырыбына арналған өлең.
Қосымша сұрақтарыңыз болса 87755129367, 87077610077 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.