KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Бүгін Өскеменде Ерлан Рысқалидың ән кеші өтеді

5.04.2019, 04:15 249

Бүгін Өскемендегі «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінде әнші Ерлан Рысқалидың шығармашылық кеші өтеді. Молдабай, Ақан сері, Абайдың әндерінің жәрмеңкесі болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

 

Бүгін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, қазақтың дәстүрлі және халық әндерін кеңінен насихаттап жүрген дарынды дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты Ерлан Рысқалидың «Маңмаңгер» атты шығармашылық кеші өтеді. Кеш қонақтары: «Ертіс концерт» кәсіпорнының  «Байжігіт» атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі, Әділ Тұрғанбаев жетекшілігіндегі «AnSalDar» тобы, жас әнші Алпыс Жақиянов және Абылай Бақыт.

 

– Біздің мақсат – ұлттық салт-дәстүрді, тіл мен музыканы, әдеби, жоралғыларды, бабалардан мирас боп қалған ізгі қасиеттерді қайта түлету, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухты Қазақстанның болашағы саналатын жастардың бойына сіңіру. Бабалардың асыл мұрасын өскелең ұрпаққа жан жақты насихаттау, - дейді «Ертіс концерт» мәдениет үйінің қызметкері Гүлнәр Мұқатаева.

 

Айта кетейік, әнші дәл қазір Өскеменге келіп қойғанын инстаграм парақшасында жазды. Өзінің жазуынша, концерт тегін болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив