KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Театр үздіктеріне "Маска" сыйлығы табысталды - ШҚО

28.03.2023, 09:57 328 Ләззат Қанатқызы

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында облыстық мәдениет басқармасының беделді "Маска" сыйлығымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Бұл жолы сараптамалық комиссияның төрелігіне 8 спектакль ұсынылған. Оның 4 - і-классикалық пьесалар бойынша сахналанған комедиялар, 2 ертегі, 1 психологиялық драма және 1 қуыршақ ертегісі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов асыл өнердің қызметкерлеріне көрерменнің өмірін рухани байытып, жақсылық пен әділеттілік мұраттарына бағыттағаны үшін алғыс айта отырып, бірқатар өнер адамдарын марапаттады.
Марапаттардың көпшілігі А.Островскийдің "Волки и овцы" (қоюшы-режиссері Татьяна Баева), Р. Кунидің "№13" (қоюшы-режиссері Дос Құбаш) және Е. Шварцтың "Аты жоқ спектакль" (қоюшы-режиссері Ақжол Сақанов) қойылымдарына бұйырды.
"Үміт" және "Жас дарын"номинацияларына Райхан Жұмақанова, Юлия Забавская және Тимур Тұраров, «Қазына» номинациясына ҚР "Мәдениет қайраткері" Дынмухамет Ұябай және өнердің дамуына қосқан үлесі үшін "Маска" сыйлығына қазақ театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Шолпан Лакаева ие болды.

Ал, орыс театрының актрисасы Марина Соколова Рүстем Есдәулетов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.
Салтанатты рәсімде барлығы 23 "Маска" сыйлығы табысталып, мерекелік марапаттар театрдың Бас директоры Руслан Қайырсыновтың, облыстың кәсіподақ көшбасшыларының және Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының тарапынан берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив