KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Студенттер зайсандық жазушы Қалибек Алтыбаевпен кездесті

16.09.2023, 13:12 882 Ләззат Қанатқызы

Абайтанушы, өлкетанушы, қазақтың танымал сөзжұмбақшысы, Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы Қалибек Алтыбаев С.Аманжолов атындағы ШҚУ- дың студенттерімен кездесті.

Аталмыш кездесу Зайсан ауданының мәдени күндеріне орай ұйымдастырылған шаралардың бірі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Бұл жоба облысымызда 2009 жылдары өткізіле бастаған болатын. Аудандар өздерінің тәтті дәмдері мен мәдениетін, салт-дәстүрін алып келетін. Соңғы 5-6 жылдың көлемінде үзіліп қалған осы дәстүрді биыл жаңғыртып, қолға алып жатырмыз. Зайсанның мәдени күндері аясында бүгін жерлесіміз, жазушы Қалибек Алтыбаевпен кездесу өткізіп отырмыз, - деп атап өтті кездесудің модераторы, айтыскер ақын Серік Құсанбаев.

 
Шара барысында студент жастар жазушының өмірбаянымен, еңбектерімен  жақынырақ танысты.

Қалибек Алтыбаев қазіргі күнге дейін 30-ға жуық кітап жазған, оның ішінде Абайға арналған 7 кітапбы бар. 60-ға жуық кроссворд құрастырған.

- Әкем соғыстан жарымжан болып оралды, анамның да денсаулығы жоқ еді. Сондықтан да бесінші сыныптан бастап оқуды тастап, қой жайып, тырбанып тіршілік етуге тура келді. Сол жылдары мектеп меңгерушісі болған,  оғыс ардагері Жүніс Сәрсенов деген адам бар еді. Бір күні қой жайып жүргенде қасыма екі адам келді. Бірі – сол Жүніс аға, екіншісі – ферма меңгерушісі Зәкен Кітапбаев деген кісі. «Естіп жүрміз, кітапты көп оқиды екенсің» деп қос кітап берді. Бірі – «Абай жолы», ал екіншісі – Шолоховтың кітабы. «Осыларды оқы, бір айдан кейін сенен сынақ аламыз, ары қарай сабағыңды жалғастыруға көмектесеміз» деді. Абайдан содан бері қол үзгем жоқ. Ол 1959 жылдар шамасы болатын, - деп өз естеліктерімен бөлісті жазушы.

Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, естелік суретке түсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу