KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Өскеменде мектептерді тексеру аяқталып, соталды тергеу басталды

8.11.2022, 17:01 569 Оразай Жеңісұлы

Полицейлер Өскемен мектептерін тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Нысандарды тексеру және қарау нәтижелері бойынша қауіпті заттар табылмады. Дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, қазіргі уақытта жарылғыш зат туралы көрінеу жалған хабар берген адамдарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бүгін таңертең полицейлерге Өскемендегі бес мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсіп, кейін алтыншы мектеп туралы ақпарат белгілі болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу