KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
510.18 601.91 6.51

ШҚО-да жол апатында төрт адам қаза тапты

12.08.2019, 06:30 1 221

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қайғылы оқиға 9 тамыз күні Семей-Озерки тас жолында болған. «BMW X5» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған көрінеді. Ақыр аяғында салондағы 7 жолаушының 4-еуі қаза тапқан, оның 2-еуі кәмілеттік жасқа толмаған.

Аталған факті негізінде 345 бабтың 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Әзірше оқиғаның мән жайы анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу