Өскеменнің полицейлері 26 мектептен бомба іздеді
Өскеменде жарлығыш зат бар деген 26 мектеп тексерілді.
10 ақпан күні сағат 12:30-да 26 мектепте жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына келіп, қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Білім мекемелері толық қаралып, тексеру жүргізілді, алайда ешқандай қауіпті зат табылмаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жарылғыш құрылғы туралы жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтар үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.