Жалған ақпарат: Өскемендегі сот ғимаратынан бомба табылған жоқ
8 желтоқсан күні сағат 18.05 шамасында облыс орталығында Қасым Қайсенов көшесі бойындағы соттың ғимараты миналанған деген хабарлама келіп түсті.
Хабарды ала салысымен дереу арада оқиға орнына мамандандырылған қызметтер мен полиция қызметкерлері жетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тексеру нәтижелері бойынша ғимараттан ешқандай қауіпті заттар табылмаған.
- Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтар үшін қоғамның наразылығын және ықтимал салдарын ескере отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз
Өскеменде 6 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарағанӨскеменде жарылғыш зат туралы хабарлаған тұрғынға қатысты үкім шықтыТелефонды терроризм. Бұл жолы «Өскемен ГЭС-ін» жармақшы болдыКүршімнің жеріне қатысты күдіктілер тексеріліп жатырӨскемендік оқушы жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген