«Бомба қойылды». Өскеменде жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр
Қазақстан көшесі, 59/1 мекенжайында орналасқан ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты.
Тексеру кезінде ғимараттар ешқандай қауіпті зат табылған жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 9 ақпан күні Қазақстан көшесі, 59/1 мекенжайында орналасқан ғимаратқа жарылғыш зат қойылағын туралы ақпарат тарап, келушілер мен қызметкерлер толықтай эвакуацияланған болатын.
Айта кету керек, кеше дәл осындай жағдай облыс орталығындағы № 11 мектепте де қайталанған болатын. Сондай-ақ 6 ақпан күні де аталған мектеп пен Өскемен қалалық сотында «бомба қойылғаны» туралы жалған ақпарат тарады.