Өскеменде жол апатынан бір адам зардап шекті
Бүгін облыс орталығындағы Шәкәрім даңғылында жол-көлік оқиғасы болды.
Шәкәрім даңғылы мен Тургенев көшесінің қиылысында Nissan Тino көлігі мен LADA 21073 маркалы автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жол апаты салдарынан Lada маркалы автокөлігінің жүргізушісі зардап шеккен.
Апат фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды (көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу). Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Зардап шеккен жүргізушінің жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің қабылдауынан кейін үйіне жіберілген.
Оқи отырыңыз