KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Шақырылған қонақ үйдің иесін соққыға жыққан - Семей

14.12.2021, 10:23 257

Ағымдағы жылдың қараша айының соңында Семей қаласы полиция бөліміне 50 жастағы қала тұрғыны ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түседі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» зардап шегушінің 37 жастағы танысы болып шыққан күдіктіні анықтап, ұстады.

Тергеу барысында сол күні кешке ер адамдар бірге алкоголь ішімдігін ішкені белгілі болды. Олар өзара сөзге келіспей, арты төбелеске ұласқан. Оның үстіне, бөтелкелесі жәбірленушінің басынан бірнеше рет соққы берген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды, оның санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу