KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, СБ
517.66 606.49 6.44

Өрт шыққан тұрғын үйден 8 адам құтқарылды - Өскемен

7.01.2023, 18:30 661 Ләззат Қанатқызы

Өскемендік құтқарушылар өрт шыққан тұрғын үйден 8 адамды алып шықты. Оның ішінде 3 бала болған.

Тілсіз жау Назарбаев даңғылындағы көппәтерлі тұрғын үйден шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Оқиға орнына келген құтқарушылар алдымен баспалдақ арқылы сегіз тұрғынды сыртқа алып шықты. Оның ішінде 3 бала болған. Артынша түтін басқан дәлізден тағы 10 адам эвакуацияланды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, өрт шыққан пәтерден пәтер иесінің ұлының мәйіті болған. Тілсіз жау мас күйінде төсекте темекі шегу салдарынан шығуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу