ШҚО-да көміртегі тотығынан уланғандар саны артты
ШҚО-да көміртегі тотығынан уланғандар саны 2,5 есеге артты.
Ал, қауіпті газдан қаза тапқандар саны, керісінше, 2 есеге азайған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ТЖД мамандары жылыту маусымы кезінде тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп отырады.
- Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін өңірдегі бірқатар аудандардағы мұқтаж отбасыларға 195 улы газ датчиктері сатып алынды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда құтқарушылар 24 430 ауланы аралап, көміртегі тотығына улану, өрт оқиғаларының алдын алу үшін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігін түсіндірді.
Оқи отырыңыз