KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Жылыту маусымы басталғалы 11 адам көз жұмған – ШҚО

28.02.2023, 15:43 291 Ләззат Қанатқызы

Облыста тілсіз жаудың алдын алу бойынша жүргізілген кең ауқымды профилактикалық жұмыстардың арқасында өрт оқиғалары 11,1% - ға төмендеген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Десе де, өрт кезінде адам өлімі 27,2% - ға артып, жылыту кезеңі басталғаннан бері 11 адамды құраған. Оның 40% - ы алкогольді асыра пайдаланған көрінеді.

- Жыл басынан бері бұзылған пешті жылыту кезінде көміртегі тотығынан уланып 1 адам қаза тапты. Жылыту кезеңінде зардап шеккендердің саны 37% - ға артты. Жазатайым оқиғалардың себептері көбінесе пеште жарықтардың пайда болу, тартпай қалу және пештердің тазаланбаған түтін мұржалары салдарынан болған, - деп атап өтті Нұржан Қибатуллаұлы.

ШҚО ТЖД мамандарының деректері бойынша, өрт оқиғалары көбінесе жеке тұрғын үйлерде пайда болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу