ШҚО-да 3000-ға жуық үйге датчиктер орнатылған
ШҚО-да өткен 2022 жылы қауіпті газдың салдарынан 14 адам зардап шеккен, оның ішінде 7-еуі бала.
Биыл ШҚО ТЖД мамандары талдау жүргізіп, аймақтағы көміртегі тотығымен уланудың негізгі себептерін анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, қауіпті газың салдарынан болған барлық оқиғалар тұрғындар ұйықтап жатқан кезде орын алған. Атап айтқанда, пештерде жарықтар болу себебінен – 7 жағдай, түтін мұржасын тазартылмағандықтан – 5 және пеш тартпай қалу себебінен – 2 жағдай тіркелген.
Бүгінгі таңда 2022-2023 жыл жылыту кезеңінде көміртегі тотығынан 10 адам зардап шекті, оның ішінде 4 бала бар.
Ағымдағы жылы жылыту кезеңінің алдында 3000-ға жуық отбасына датчиктер орнатылған көрінеді.