KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, С
521.53 601.01 6.43

ШҚО-да зейнеткердің атына несие алмақ болғандар құрықталды

31.07.2019, 03:39 386

Шығыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер 69 жастағы қартты ұрлап кетті. Қаскөйлер зейнеткердің атына банктен несие алмақ болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– 29 шілде күні Бесқарағай аудандық полиция бөліміне Жетіжар ауылының тұрғыны  69 жастағы әкесін белгісіз тұлғалардың алдап-сулап көлікке отырғызып, Семей қаласына алып кеткені туралы арыз түсірді, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.

Осыдан кейін полиция қызметкерлері қарияның қайда екенін анықтады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі уақытта зейнеткердің өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.

– Зейнеткердің алаяқтықтың құрбаны болғаны анықталды. Қарттың сеніміне кіріп алған екі қаскөй, қарияны 600 мың теңге көлемінде тұтынушылық несие ресімдеуге көндірген, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын түбегейлі анықтау үшін қажетті іс-шараларды атқарып жатыр. Күдікті адамдар анықталды. ҚР ҚК 190-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу