Аягөзде өртенген үйден 4 баланың денесі табылды
Фото: egemen.kz
25 қазан күні сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде түтін шыққандығы туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы жедел жетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр аумақта жиһаздар мен жеке заттары жанғанын анықтады. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.
Оқиға орнынан төрт баланың денесі табылды.
Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.
Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде.