KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
441.58 480 4.86

Қар құрсауында қалған тұрғындар құтқарылды – ШҚО

Фото: azattyq-ruhy.kz

3.01.2024, 19:02 106 Ләззат Қанатқызы

2 қаңтар күні кешке «Самар-Өскемен» тас жолында бірнеше көлік қар құрсауында қалып қойған.

Полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты жарияланған ескертуді елемей жолға шыққан 11 адамды құтқарды. Оның ішінде кәмелетке толмаған екі бала бар, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

2 күні кешке өңірде жол учаскесін жабу туралы шешім қабылданған көрінеді. Алайда ескертуді елемеген тұрғындар , қалаға бару үшін, ауылдан шамамен 40 шақырымдай шығып кеткен.

- Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қар құрсауында қалған тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті. Сонымен қатар оларды Самар ауылына дейін шығарып салып, азаматтардың сондағы жылы жерлерге орналасуын қамтамасыз еткен, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жүргізушілер мен тұрғындарды ескертулерге бей-жай қарамауға шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив