Өскеменде жоғалып кеткен 7 жастағы бала табылмай жатыр
Өскеменде 7 жастағы Богданды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Бүгін кезекті іздеу шаралары Ертіс жағалауында өткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні 7 жастағы Богдан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Кейіннен оның киімдері мен аяқ киімі "Самал"саябағындағы жағалаудан табылды.
ШҚО полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, сол күні Богдан досымен бірге жағажайға шомылуға барған болуы мүмкін.
Қандай да бір ақпарат білетіндер немесе іздестіру жұмыстарына қатысқысы келетіндер 112 арнасына немесе 8-705-186-33-04 (Евгений) нөміріне хабарласуға болады.
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі