KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Төрт аяқты полицейлер 30 астам қылмыстың бетін ашуға көмектескен - ШҚО

12.03.2021, 12:16 123

Шығыс Қазақстанда 2021 жылдың басынан бастап қызметтік иттердің көмегімен 30-дан астам қылмыс ашылған.
ШҚО полициясында 80-нен астам ит бар. Оның 41-і ізге түсу жұмысында, 14-і есірткі заттарды іздеуге, 13-і жарылғыш заттарды іздеуге тартылған. Сонымен бірге 2 шабуылдаушы және күзетке - 5, иістерді өте жақсы ажырататын (одорология) 4 ит бар.

Мұнда «төрт аяқты полицейлер» қылмыс орын алған жерлерге жиі шығып, ізін суытпай қылмыскерді іздеуге, жарылғыш заттарды, есірткілер мен оқ-дәрілерді, жоғалған адамдарды іздеуге қатысады. Сонымен қатар, иттер әртүрлі көпшілік іс-шараларды өткізу аумақтарында және көліктерде тәртіпті қамтамасыз етеді.

Кезекші тәулікте "102" жедел тергеу тобының құрамында облыс бойынша із кесу жұмысына 19 қызметтік-іздестіру иттері шығады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Семей және Шемонайха бекеттерінде тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асырады.

2021 жылы инспектор-кинологтар қызметтік-іздестіру иттерімен бірге 900-ден астам оқиға орнына шыққан. Оның ішінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағыты бойынша 43, жарылғыш заттарды іздеуге 345, кезекші жедел тергеу тобының құрамында 585 оқиға.
- Жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттері 32 қылмысты ашуға қатысты. Оның ішінде есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 16 қылмыс. Арнайы операцияларды өткізу кезінде заңсыз айналымнан шамамен 500 грамм есірткі тәркіленген болатын. Криминалдық полиция желісі бойынша 16 қылмыс ашылды, - деді ШҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы полиция капитаны Өмірзақ Касаинов. 
Кинолог полицейлердің айтуынша, қызметтік иттердің қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға көмегі орасан зор.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив