Бажов көшесіндегі жол-көлік оқиғасына куәгерлер іздестірілуде
Көлік қағып кеткен қыздың туыстары жол-көлік оқиғасына куәгерлерді іздестіріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыс орталығындағы Бажов көшесінде "ГАЗ 5312" маркалы автокөліктің 55 жастағы жүргізушісі 1994 жылғы қызбаланы қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Зардап шегуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
- Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол ережесін бұзу). Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, полицейлер тергеу аясында істің егжей-тегжейлері жария етілмейтінін атап өтті.
Бірақ қыздың туыстары күдікті тергеу барысында жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтып, алаңдайды. Сондықтан сол маңда болған, жол апатын көрген куәгерлердің жауап беруін сұрап отыр. Туыстарымен 87051488759 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.