KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Глубокое ауданында қатты дауылдан бірнеше үйдің шатыры қирады

9.06.2024, 23:30 3 335

Қатты соққан дауылдан Глубокое ауданының екі елді мекенінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатыры қирап қалды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов оқиға орнына барып, жапа шеккендер тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қатты желдің салдарынан Малоубинка ауылында төрт тұрғын үйдің шатыры толық қирап, 12 үйдің шатыры жартылай бүлінген. Ал ауылдағы әлеуметтік-мәдени нысандарға залал келген жоқ.

Дәл осындай жағдай Быструхада да болған. Мұнда үш үйдің шатыры жартылай қирап, қора-жайлар бүлінген, үш бизнес нысанына залал келген. Ауылдағы мәдениет үйінің шатыры толық қирап қалды.   

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, ауданда табиғат апатынан келген шығынды есептейтін комиссия құрылған. Зардап шеккендердің барлығына 100 АЕК мөлшерінде өтемақы төленеді. 

Айта кетейік, бүгін күндізгі сағат 15.00 шамасында Глубокое ауданында қатты дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 25-30 метрге дейін барған. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив