Кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық штабы жұмысын бастады
Фото: Ауыл партиясы
ҚР Президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық штабының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Altaynews El.kz сайтына сілтеме жасап.
"Үгіт-насихат жұмыстарымен 88 қаланы, 30 кентті, 20 өңірде орналасқан 6000-нан астам ауылдық елді мекенді қамтуды жоспарлап отырмыз. Біздің кандидат пен сенімді тұлғалардың сапары «Есіктен есікке» форматында өтеді", – деді штаб басшысы Төлеутай Рахымбеков.
Кандидатты қолдау жөніндегі штабтар республикалық маңызы бар үш қала және барлық өңірде бар. Сондай-ақ 164 ауданда және облыстық деңгейдегі 37 қалада 222 штаб ұйымдастырылды.
Жигули Дайрабаев партия мүшелеріне сенім білдіргені үшін алғыс айтып, қатысушыларды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
"Менің бағдарламам біздің басты ұлттық артықшылықтарымыз – дала демократиясы қағидаттарын, жоғары рухани-адами мәдениетті, күшті аграрлық саланы және мықты өңірлерді барынша іске асыруға негізделген жаңа Қазақстанды құруға бағытталған", – деді ол.