Еліміздегі саяси жүйе түбейгейлі өзгеруде - Қорлан Туғамбаева
"AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" ЖҚ ШҚОФ төрағасы Қорлан Туғамбаева еліміздегі саяси жүйенің түбегейлі қайта жаңғыртылып жатқанын айтады.
- Елімізде өткен кезектен тыс Президент сайлауы қолданыстағы саяси жүйенің түбегейлі өзгеруі тұрғысынан өте маңызды болды. Қаңтар оқиғасы кезінде Президентіміз өзінің өте тәжірибелі саясаткер екенін көрсетті және халықты қиын жағдайдан, дағдарыстан уақытында шығара алды. Сайлаушылардың Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруі мемлекет басшысына ерекше сенім білдіретінін, қолдайтынының айқын көрінісі, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтіп, онда Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыспен жеңген болатын.
Оқи отырыңыз