KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,4 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Өскеменде дауыс беру жалғасып жатыр

19.03.2023, 10:49 319 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында дауыс беру жалғасып жатыр. Қала тұрғындарының белсенділігі жоғары.

№30 және №31 сайлау учаскелерінде егде жастағы адамдардың белсенді екені байқалады, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

– Бұл аудандағы тұрғындар саяси науқандарға бейжай қараған емес. Біз мұны жылдар бойы байқап келеміз. Бүгін де белсенді. Бұл жолғы сайлау Наурыз мерекесінің қарсаңында өтіп жатқандықтан, біз келушілерге мерекелік дастарханнан дәм татқызуды жөн көрдік. Сондай-ақ сайлаушылар назарына қолөнер жәрмеңкесі ұсынылды. Жалпы, науқан заң аясында өтіп жатыр. Ешқандай құқықбұзушылықтар тіркелмеді, – дейді сайлау учаскелері орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің директоры Қарлығаш Ғазизова.

 

Еске салайық, елімізде Парламент мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлау жүріп жатыр. Сайлауға 7 партия мен мажоритарлы жүйе бойынша бір мандатты округтерден үміткер тұлғалардың бәсекесі.

 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив