KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде басталады

27.06.2020, 06:32 272

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде басталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы жарыстарды қайта жалғастыру жөнінде келісімге келді.

Биылғы Премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатының алғашқы екі туры ойналған болатын. Коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында қалған ойындар кейінге шегерілгенін еске саламыз.

ҚФФ, ҚКФЛ, ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің келісімімен чемпионат 1 шілдесінен бастап жалғасады. Ал Бірінші және Екінші лига командалары арасындағы біріншіліктер және ҚР Кубогы 1 тамыздан басталады.

Ойындардың барлығы көрерменсіз өтеді.

Турнирдің жаңа күнтізбесін pflk.kz сайтынан көруге болады.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив