KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность Штиль
443.72 482.28 4.9

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

Фото: Аяужан Утеулинова

4.09.2023, 20:32 4 536 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир өтті.

Бұл турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, атап айтқанда, Астана, Алматы, Тараз, Талдықорған, Семей, Өскемен сияқты еліміздің бірнеше қаласынан, Абай облысының Көкпекті ауданынан келген командалар қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz cайты.

Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған футбол ойынын өткізудегі басты мақсат – журналистер арасындағы достық қарым-қатынасты, әріптестік байланысты нығайту, бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттау.


 

Командалар екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен ойындардың нәтижесінде өз тобында жоғары ұпай жинаған төрт команда жартылай финалға жолдама алды.

 Жартылай финалда астаналық «Qaz365.kz» пен «Қазмедиа», сондай-ақ белгілі қаламгер Есболат Айдабосын жетекшілік еткен талдықорғандық «Қарекет» пен Тараз қаласынан келген «Тараз пресс» командалары өзара шеберлік байқасты.


 

Турнир қорытындысы бойынша «Тараз пресс» қола жүлдегер атанып, 400 мың теңге ақшалай сыйақыға ие болды.


 

Ал финалда қарсыласпен тең дәрежеде ойын көрсетіп, тек бір ғана сәт мүлт кеткен «Қарекеттің» жігіттері күміс жүлде мен 700 мың теңгенің сертификатына ие болды.


 

Чемпион атанған «Qaz365.kz» командасы Өскемен қаласы әкімінің кубогы мен 1 миллион теңгенің сертификатын жеңіп алды.


 


Бұл турнирде шебер ойын өрнегін көрсеткен журналистер де шет қалмай, лайықты марапатқа қол жеткізді. 

Атап айтқанда, турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясы «Qaz365.kz» командасының ойыншысы Бақытжан Масақовқа берілді.


 

Ең көп гол салған «Қазмедиа» өкілі Елдос Өмірхан «Үздік сұрмерген» атанды. 

 

Тараздық Жасұлан Айтқұлов «Үздік қорғаушы» аталымын, жетісулық Самат Есентайұлы «Үздік қақпашы» атанды.



«Өскемен» командасының ойыншысы Оңғар Қабден «Үздік шабуылшы» атанды.


 

– Кенді Алтайдың төрінде өтіп жатқан осынау футбол мерекесі құтты болсын. Спорт болған соң жүлдеге таласып, мықтыны анықтау қажет, әрине. Дегенмен бұндай шаралардың басты мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасындағы әріптестік, достық байланысты арттыру, салауатты өмірді насихаттау. Журналистерге осындай керемет тимбилдинг ұйымдастырып жатқан Өскемен қаласының әкімдігіне рақмет, – деді жарысқа келіп, «Қазмедиа» командасының сапында өнер көрсеткен БАҚ лига Қазақстан журналистер лигасының жетекшісі Әзиз Жұмаділ.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив