KZ
Өскемен
-20°
ясно жел 1 м/с, С
514.93 536.04 5.18

Өскеменде волейболдан республика кубогі болады

12.09.2019, 10:23 290

15-21 қыркүйек аралығында Өскеменде әйелдер командалары арасында волейболдан Қазақстан Республикасы Кубогі өтеді. Спорттық шара Жекпе-жек сарайында болмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кубокке еліміздегі мықты 8 әйелдер командасы қатысады. Турнирге Талдықорған қаласынан «Жетісу», «Жетісу 2» волейбол командалары, Солтүстік Қазақстан облысынан «Қуаныш» ВК, Тараз қаласынан «Тараз» ВК, Павлодар қаласынан «Ертіс-Қазхром» ВК, Алматы қаласынан «Алматы» ВК және Шығыс Қазақстан облысынан «Алтай», «Алтай 2» командалары қатысады.

Қатысушы командалар 2 топқа бөлінген. «А» тобында: «Алтай», «Алтай 2», «Қуаныш», «Тараз» командалары. «Б» тобында: «Жетісу», «Жетісу 2», «Ертіс-Қазхром», «Алматы» командалары ойнайды.

Турнирдің басты судьясы – Қазақстандық Волейбол Федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев.

21 қыркүйек күні Жекпе-жек сарайында волейболдық турнирдің финалынан кейін салтанатты марапаттау және жабылу шарасы ұйымдастырылады.

Жекпе-жек сарайы

Спорттық шара Ұлттық Олимпиада комитеті, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және Қазақстандық Волейбол Федерациясының ұйымдастыруымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің қолдауымен өтеді. Оған облыстағы зиялы қауым, спорттық сала мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Алтай» қыздар командасы – Қазақстанның 4 дүркін чемпионы. 2016-2019 жылдары Әйелдер Клубтары арасындағы Азия Чемпионатында 4-орынды, 2018 жылы Әйелдер Клубтары арасындағы Әлемдік Чемпионатта 5-орынды иеленген үздік мықты командалардың бірі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу