KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Алтай қаласында жаңа спорт алаңы ашылды

20.10.2023, 17:56 746 ALTAINEWS

Алтай қаласында жаңа спорт алаңының ашылуы өтті.

Онда шағын футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, сондай-ақ үлкен тенниске арналған корт бар, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Қала әкімі Игорь Оконешниковтың айтуынша, жаңа спорт нысанында кез келген жастағы тұрғындар спортпен айналыса алады.

Бұл қала тұрғындары мен бүлдіршіндерге бұл – бүлдіршіндер мен аудан тұрғындарына Республика күні қарсаңында берілген керемет тарту.

- Бұрын мұнда негізі спорт алаңы болған. Тозығы жеткен нысанды қайта қалпына келтірдік. Мұнда енді балалармен қоса қала жастары да жаттығып, салауатты өмір салтын ұстана алады, - дейді Игорь Оконешников.

Балалар да аталмыш алаңның ашылуын асыға күткен көрінеді.

- Жаңа спорт алаңының ашылғанына өте қуаныштымыз. Бұрын спортпен айналысуға қолайсыз болатын. Өзіміз қолдан қақпа тұрғызып ойнайтын едік. Енді достарымызбен осында уақыт өткізетін боламыз, - дейді қала тұрғыны Қуаныш Кәрібаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив