KZ
Өскемен
пасмурно жел 8 м/с, З
494.84 537.4 5.58

Серебрянск қаласында балалар ойын алаңы ашылды

19.10.2023, 17:20 261

25 қазан – Республика күні қарсаңында Серебрянск қаласында балалар ойын алаңының салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа алаң Пушкин - Веденеев көшелерінің қиылысында орналасқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, бұл – бүлдіршіндер мен аудан тұрғындарына ұлттық мереке қарсаңында берілген керемет тарту.

– Қаланың барлық тұрғыны, әсіресе бүлдіршіндеріміз өте қуанышты. Олар енді жап-жаңа алаңда ойнайтын болады. Біз де осы жерде жиі серуен құратын боламыз. Бұл – қалада ашылған он бірінші балалар алаңы, – дейді қала тұрғыны, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Галина Яковенко.

Республика күні қарсаңында пайдалануға берілген нысанның ашылу салтанатында тұрғындар да сөз сөйлеп, жергілікті билікке алғыстарын білдірді.

 

#republicdaykz #kzdayrepublic 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу