KZ
Өскемен
+27°
небольшая облачность жел 4 м/с, СШ
474.83 515.38 5.5

Футболдан Еуропа чемпионатын қай телеарнадан көреміз?

фото: tobolinfo.kz

21.05.2024, 09:06 1 927 ALTAINEWS

Кәріқұрлықтың басты доп додасын тікелей эфирде көрсету құқығына «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы ие болды. Жанкүйерлер ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тамашалай алады.

Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуі бір ай бойы аталмыш екі арнадан көрсетіледі. Оған қоса Еуропа стадиондарында бір ай бойы корпорацияның арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді.

Құрамалардың топқа бөлінуі мынадай:

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.

B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.

С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.

D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.

E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина

F тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.

Еуропа чемпионаты 14 маусымда Германия-Шотландия кездесуімен ашылады. Финал 14 шілде күні өтеді деп жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив