KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ЕУРО2020: 24 құраманың 17-сі анықталып қойды

19.11.2019, 04:45 208

2020 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде доп тебетін 24 құраманың 17-сі анықталып қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Олар Португалия, Бельгия, Испания, Хорватия, Италия, Польша, Түркия, Ресей, Украина, Франция, Англия, Чехия, Швеция, Финляндия, Германия, Голландия және Австрия.

Теңбіл доп жанкүйерлеріне мәлім, ЕУРО-2020 турниріне 20 команда тікелей жолдама алса, 4 құрама Ұлттар лигасы арқылы өтеді. Ал 30 қараша күні финалдық кезеңнің жеребесі тартылады.

Айтулы доп додасы 12 маусым күні басталып 12 шілде күні аяқталады. Ойындар Еуропаның 12 қаласында: Санкт-Петербург, Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Бухарест, Дублин, Копенгаген, Будапешт, Глазго, Бильбао және Амстердамда өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив